Таңдаулы жаңалықтар:

Театр, сахна, сүйікті қойылымды тамашалау нағыз бақыт емес пе

Дәл осындай кереметті Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры тарту етті, яғни ағылшын классигі У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қойылымы көрермен назарына ұсынды.

Әлемдік драматургияның ұшар шыңы болып саналатын Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы сан ғасырлар бойы әлем театр репертуарларынан түспей келе жатқан жауһар дүние.

Адамзат бойындағы пендешілік болмысынан шошынған Гамлет — адалдық пен әділдіктің жолында күрескен, пәлсапалық тұрғыдан шешімін тапқан биік тұлға.

 

Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов

Көріп үлгенмеген болсаңыз ертең 25 қыркүйек сағат 19.00-де сіздер үшін тағы ұсынатын болады. Ендеше театрда жүздескенше!
Жұмат Шанин