Ғаламшар ғаламаттары

Күннен қашықтығы жөнінен жетінші планета саналатын Уранда бір түн 42 жылға созылады екен. Яғни, Уран ғаламшары 42 жыл бойы қараңғылық құшағында болады деген сөз.

Ал, жер планетасы күнді 24 сағатта айналса, Юпитердің күнді 12 — ақ сағатта айналып шығатындығы белгілі болған.

Демек, Юпитер ең жылдам айналатын планета болғандығы. Ал, ең жəй айналатын ғаламшар ретінде Меркуриді айтады. Меркуридің күнді айналып шығуы үшін жарты жыл уақыт керек екен.

Астронавтар жақында Нептун планетасында жердегідей жел болатындығын анықтапты. Бірақ, ол жел жердегіден əлдеқайда күшті болып шыққан. Мəселен: Нептунда жел сағатына 320 шақырымға дейін барады.

Ал, күн жүйесіндегі ең жарық жұлдыз Шолпан болса, Уранның 60 серігі бар екен. 2006 жылға дейін күн жүйесінде 9 планета бар деп есептеліп келді. Алайда, сол жылы дүниежүзілік астрономиялық кеңестің шешімімен Плутон планета тізімінен шығарылды. Себеп: оның көлемінің əлдеқайда кішкентай болғандығында.

Марс ғаламшарын «Қызыл жұлдыз» деп атау тегін емес, ол өзінен қызыл түстес жарықты көп шығаратындығында. Марстағы таулар да аса биіктігімен белгілі. Мəселен: жер бетіндегі ең биік тау Гималайдың биіктігі 8 шақырым болса, Марс ғаламшарындағы таулардың биіктігі 27 шақырымға жетеді.

Ал, жердің ең жақын табиғи серігі Ай туралы əңгіме мүлдем бөлек. Ол жерге ең жақын болғандықтан адамзат ең бірінші айды зерттеді. Тіпті, айды зерттеу ғылымы да пайда болды. Алайда, адам баласы ең алғашқы айға барған 1969 жылдан бастап айды зерттеу ғылымы құпия түрде тоқтатылды. Онда не болғанын жəне астронавтар не көргенін тек НАСА  ғалымдары ғана біледі.

Бір анығы: төменгі гравитация салдарынан айда адамның аяғы 15-20 сантиметр  жерге кіріп жүреді. Сонымен қатар, күндіз 173 градус ыстық болса, түнде 127 градус аяз болады. Айда адамның тез бұрылуы мен жүріп тұруы да өте қиын. Бұл жоғарғы инерция жағдайына байланысты. Жердің ортасы мен ай ғаламшары арасындағы қашықтық 384 467 шақырымды құрайды.

Күннің үлкендігі соншалық оның массасы күн жүйесінің 99 пайызын құраса, қалған 1 пайыз өзге планеталар мен астеройдтарға тиесілі. Ал, Плутондағы 1 жыл жердегі 248 күнге тең. Плутон ең суық планета саналады. Онда ауа температурасы — 200 градусқа дейін баруы мүмкін. Сондықтан да Плутон мұздары темірден де қатты деп есептеледі.

Жалпы, өзінің 9 планетасымен Күн жүйесі шексіз аспан əлемінде жүріп барады. Бұдан бөлек, аспан əлемінде қаншама мыңдаған галактика бар. Қазір жер бетіне ең жақын галактика «Андромеда» галактикасы болып есептеледі. Оның жерден қашықтығы 2, 52 миллион жыл.  Андромеда галактикасы да күн жүйесі секілді өз планеталарымен бір бағытқа қарай жүйіткіп барады. Алайда, құпияға толы 18 мың ғаламда əлі талай сырдың бар екендігі даусыз…

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru