Таңдаулы жаңалықтар:

"G-38" Жастар көшбашыларының қоры" қоғамдық қоры ұйымдастырған «Self Made» жобасы | Zau.kz

«G-38″ Жастар көшбашыларының қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Self Made» жобасы, түлектерді жұмысқа орналастыру және ауыл жастарын әлеуметтендіруге көмектесу қызметтері орындалды

Жоба аясында 200-ге жуық қатысушы Алматы қаласының жетекші компанияларда тағылдамадан өту мүмкіндіктер берілді.Барлық қатысушыларды HR менеджерілерімен тандалынған болатын.

Жоба жалпы түлектерді жұмысқа орналастыру және ауыл жастарын әлеуметтендіруге көмектесуге арналған. Осы жоба аясында бірнеше тренингтар мен кездесулер өткізілген болатын. Спикерлер:

Нұрсұлтан Бекқайыров «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы

Жасулан Сейткалиев тұлғалық даму академиясының негізін қалаушы

Маргарита Тихонова PR Lead UNISENDER

Бейсембаев Ғани Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті

Елеман Бақберген Skadi компаниясының директоры

«Жас көшбасшылар қоры «G-38» қоғамдық қоры ХБК базасында қалалық жетекші компанияларды шақыра  отырып, жалпы қалалық Мамандықтар  жәрмеңкесі ұйымдастырды.

            NEET санатындағы жастарды қолдауға және әлеуметтендіруге бағытталған халық көп шоғырланатын орындарда (сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, саябақтар, скверлер мен мешіттер) санитарлық нормаларды сақтай отырып, мобильді жұмыспен қамту орталықтарының іс-шаралары ұйымдастырылды.