Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда өтеді

Бұл үшін немістердің мүмкіндігі зор екен. Ол біріншіден, Еуропаның қақ ортасында орналасқан, екіншіден, елдің бай футбол тарихы бар дейді өтініш берушілер.

Германия осы уақытқа дейін 4 рет әлем, 3 рет Еуропа чемпиондары болған.

Сонымен қатар, Германия территориясында осы уақытқа дейін футболдан 2 әлем, 1 Еуропа чемпионаты өтіп үлгерген. Яғни, елдің инфрақұрылымы сақадай сай.

2024  жылғы Еуропа біріншілігін өткізуге Германия мен Түркия таласқан болатын.

Дегенмен, УЕФА  осындай нақты шешім шығарып отыр.

Жалпы, футболдан Еуропа чемпионаттары 1960 жылдан бері өткізіліп келеді.  Соңғы рет, 2016 жылы өткен Еуропа біріншілігінде Португалия командасы жеңіске жеткен еді.

Айбол ҚАРАШОВ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *