«Еврохим» тыңайтқыштарының ерекшелігі неде?

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы мен «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС облыс әкімдігінің қолдауымен  Меркі ауданындағы  Сұрат ауылында «Қант қызылшасын өсіру технологиясы және минералды қоректендіру жүйесі» тақырыбында семинар  ұйымдастырды,-деп хабарлайды Zau.kz ақпарат агенттігі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының шаруалары қант қызылшасын өсірудің оңтайлы тәсілдеріне ден қойды. Семинарға Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Шу ауданынан келген 200-ге жуық қант қызылшасын өндірушілер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты.

 

«Еврохим» минералды тыңайтқыштарды шығаруда Еуропа нарығында үздік үштіктің құрамында және әлемдік нарықта 10 мықтының қатарында. «Еврохим» зауытының Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америкада,  Ресей Федерациясында және ТМД елдерінде АгроОрталық форматындағы дамыған өткізу жүйелері бар. Агроорталықтардың қойма кешендерінде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері үшін қажетті химиялық өнімдердің түр-түрі қарастырылған.

Ал, Қазақстанда «Еврохим» химиялық кешеннің масштабты инфестициялық жобасын жүзеге асыруда. Жоба азот, фосфор, калий және мезо-микроэлементтерден тұратын минералды тыңайтқыштарды шығаруға бағытталған.

Бүгіннің өзінде «Еврохим Қаратау» компаниясы Қазақстанда іске қосылмақ бұрын, минаралды тыңайтқыштардың бірқатарын Ресей Федерациясында «Еврохим» компаниясының өндірістік мекемелеріне ұсынуда.

Қазіргі таңда нитроаммофосканың түрлі маркілері, аммиакті селитра, карбамид, сульфоаммофос тіркелген және қолданысқа дайын, сонымен қатар минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы бойынша да қолдануға болады. Тамырдан тыс жемтік үшін «Еврохим-Қаратау» ЖШС Нутрибор және Нутримикстан тұратын, сондай-ақ, суда еритін моноаммонийфосфат, монокалийфосфат, сульфат калия және тағы басқа жоғары микроэлементтерден тұратын өнімдерді ұсынады.

«Еврохим Қаратау» ЖШС- елімізде болашағынан зор үміт күттіретін жаңа инвестициялық жоба. Өсімдік күтіп-баптау жұмыстарынан бөлек, құнарлы топырақ пен өсуіне қажет дәрумендердің барлығы бойында жеткілікті болған жағдайда ғана тамырын тереңге жайып, лайықты өнім береді. Осы орайда қызылшаның өсуі үшін азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын пайдалану аса маңызды. Ал, құрамында аталған маңызды элементтердің барлығы бар сульфоаммомос кешенді минералды тыңайтқышын «Еврохим-Қаратау» химия компаниясы шығармақ. Бұл нәпақасын Жер-анадан тауып жүргендер үшін керек дүние.

Шара соңында семинарға белсенді  қатысқан фермерлерге «Еврохим Қаратау» ЖШС-нен  тыңайтқыштарды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін сертификат табысталды. Сондай-ақ, «YTO-Agro Kazakhstan» ЖШС компаниясы тарапынан агро-техникаларға 15-25% жеңілдіктер берілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru