Ерке Есмаханның жаңа киносы   Шудағы қай кафеде түсірілді?

 

Бүгінде танымал әнші Ерке Есмаханның «Махаббат кафесі» атты тұңғыш кинокартинасы көрермендер тарапынан оң бағасын алып үлгерді. Арасында сынап жатқандар да бар. Туындыға  қалалық аспаз жігіт Шыңғыс пен ауылда өскен  Мақпал есімді қарапайым қазақ қызының арасындағы ғашықтық сезімі арқау болған. Шынайы оқиға желісімен түсірілген көріністер езу тартқызбай қоймайды.

Киноның режиссері-Асқар Ұзабаев. Ал, рөлдерде Ерке Есмахан, Серік Шәріп, Қылышбек Қасымбеков, Дариға Бадықова, Саттар Ерубаев, Әбунасыр Серіков және тағы да басқа актерлер ойнаған.

Айта кету керек, кино бар-жоғы 18-ақ күнде түсірілген. Түсірілім алаңы ретінде Шу қаласына Тараз бағытынан кіреберістегі «Қуырдақ» кафесі таңдалып алынған. Кейбір эпизодтар  Шу қаласының орталық базарында таспаға басылыпты. Аталмыш кинодан кейін әлгі дәмханаға ат басын бұрып, астан ауыз тиетіндердің қатары күрт көбейген көрінеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *