Таңдаулы жаңалықтар:

ЕСІРТКІ ЖӘНЕ АИТВ/ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері мен Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарымен бірлесе отырып, есірткі жарнамаларының және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты адамның ой түйсіктеріне кері әсер ететін, есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу. Сонымен қатар АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ/ЖИТС-дан тексеруден өту.

 Түсіндіру жұмыстары «Индустриалды техникалық колледжінде» және «А.С. Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында» өткізілді.

Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.