Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев

 

Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев 1978 жылы туылған, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «кеден ісін ұйымдастыру және басқару» және «құқықтану», Ресей кеден академиясын «кеден ісі» мамандықтары бойынша бітірген.

1999-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде инспектор, басқарма басшысының орынбасары, 2010-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім бастығы, құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің басқарма басшысы, 2013-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы, 2014-2015 жылдары «Агро-НК-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары,                  2016-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының орынбасары, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, 2018 жылдың қаңтарынан Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №83-Ж/Қ өкімімен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru