Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов

Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов 1968 жылы туылған, білімі жоғары, 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономист» мамандығы бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Жарсу кеңшарында экономист болып бастаған.

1994-1996 жылдары «Ақсу» ЖШС, «Алма-Тал»» компаниясы директорының орынбасары, 1996-2000 жылдары Алматы қаласы әкімі орынбасарының көмекшісі, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, 2000-2003 жылдары «Метрология» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры, 2003-2008 жылдары Алматы қаласының «KEGOC» АҚ басқарма бастығының орынбасары, «KEGOC» АҚ-ның Ақтөбе филиалының директоры, 2008-2009 жылдары «Алматы электр станциясы» АҚ-ның коммерциялық  директоры, 2010-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, қаржы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2013 жылдың желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының 2018 жылғы 26 қазандағы №221жқ бұйрығымен Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *