Таңдаулы жаңалықтар:

«ЕРІКТІ БОЛУ — ЕРЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Абай ауданы бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Ерікті болу — ерлік» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Негізі мақсаты жастарды ерікті (волонтерлікке) оқыту бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ ерікті болуға (волонтерлыққа)аудан жастарын тарту.

Семинар-тренинг «Жастар ресурстық орталығының» Абай аудандық бөлімшесінің коворкинг залында «Мейірім» қайырымдылық қорының директоры Асан Жазира Тілеубергенқызының және «Мирас» колледжі студенттерінің қатысуымен өткізілді.

Іс-шара барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.