Таңдаулы жаңалықтар:

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА “ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ” ЖОБАСЫ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ.

Аудан әкімі Еңбекші ауданындағы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыс сапасын бақылады. Жоба барысында аулаларды абаттандыру шарасын қадағалады.

Аралау барысында тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Әрине, арасында сында айтылды. Аудан әкімі сыннан сабақ алып, тұрғындардың көңілі толмаған олқылықтарды жойып, ретке келтіруді мердігер мекемелердің басшыларына қатаң тапсырма берді.

Барлық жұмыстар тұрақты бақылауда болады.