Таңдаулы жаңалықтар:

ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ 9 АЙДЫҢ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ - Zau.kz

Жалпы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі 10 773 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде алғашқы рет куәландырылғаны 2 182, қайта куәландырылғаны 8 590 адамды құрайды.

Сонымен қатар, МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде арыз бойынша 187 адам, бақылау бойынша 46 адам қайта куәландырудан өтті.

Ал жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақы және қайта қаралған төлемдердің саны 103 010 болды.

Есепті мерзімде 50 қызметке мемлекеттік қызмет көрсетуден, ал 2 462 алушыға мемлекеттік кепілдік төлеуден бас тартылды.

Зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет 47 671-ді құрады.

Оның ішінде осы кезеңде:
• ХҚКО арқылы – 31 147;
• Электронды үкімет портал және проактивті қызметтер арқылы – 16 118;
• МӘС және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы – 406.

Айта кетейік, «ҚР-да азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ер адамдар 63, әйелдер 60, ал 5 және одан көп балалары бар аналар 53 жастан бастап зейнеткерліке шығу белгіленген.