Таңдаулы жаңалықтар:

ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК КАРДИОХУРГТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІРБИЕ АЛМАСТЫ

Шымкент жүрек орталығының 20 жылдық мерейтойына орай еліміздің үздік кардиохирургтардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтті.

Шара барысында Юрий Пя бастаған бір топ білікті мамандар жүрегінде ахауы бар науқастарға күрделі ота жасады. Тәжірбие алмасу мақсатында өткен операция кезінде кардиохирургтар
науқасқа жасанды жүрек сорғысын қойып берді. Бұл құрылғы жүректің қан ағымын қалпына келтіруге көмектеседі дейді мамандар.

“Біз бүгін жаңа технологияларды қолдана отырып, күрделі оталар жасадық. Операция кезінде “LVAD” құрылғысын қолдандық. Бұл құрылғы- жасанды жүрек сорғысы. Бұл құрылғыныны ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар адамдарға орнатады. Кейде жүрек трансплантациясын күтіп жүрген адамдарға қояды. Бұрын мұндай отаны ашық түрде жасайтын едік. Ал қазір заманауи құрылғылардың көмегімен тіліксіз жасаймыз”-дейді еліміздің бас кардиохирургы Юрий Пя.

Сондай-ақ шара барысында күрделі оталардан бөлек «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бекбосынова Махаббат бастаған дәрігерлер командасы жүрек жеткіліксіздігі проблемасының негізгі мәселелері бойынша дәрістер өткізді.