Елдің жанашыр перзенті

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақпарат саласының үздігі», облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі Ерман Әбдиевпен «Елдің жанашыр перзенті» атты онлайн сұхбат өтті.
Сұхбат барысында Ерман Қанжанұлы тапсырыс берушілердің ұсынысымен 14 кітап құрастырғанын, авторлық 5 кітабының жарыққа шыққанын, оның ішінде Ш.Смаханұлы, О.Иманалиев, Н.Қашағанұлы, С.Томанов, Ә.Жанқұлиевтің шығармашылығы мен өміріне арналған кітапты жарыққа шығару жолындағы ізденістеріне тоқталды.
Қазір өткен ғасырдың басында төменгі Талас өңірінде өмір сүрген Қошан ақынның өміріне қатысты деректерді жинастырып жатқанын, композитор Мэлс Өзбековтың өміріне қатысты жинақтың толықтай аяқтағанын, дүниеден өткеніне 25 жыл өткенде жарыққа шығатын бұл кітаптан оқырмандар көп мағлұмат алатынын жеткізді.
Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай оның өмірі мен Жамбыл облысындағы өткізген 20 жылындағы шығармашылығына арналған еңбек құрастырып, жарыққа шығаруды жоспарлап отырғанына тоқталды.
Сонымен бірге оқырмандардан келген сауалдарға жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *