Елбасымен жарқын жүзді жеті кездесу

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Елбасы Н.Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойы аясында кәсіпкер «Рысбаева және КО» ЖШС-ның директоры Сәуле Мақшанқызы Рысбаевамен «Елбасымен жарқын жүзді жеті кездесу» атты онлайн сұхбат өткізді.
Сұхбат басында Сәуле Мақшанқызы кітапхана қызметкерлерін ірі кәсіпорынның жұмысымен, әр полиграфиялық машинаның шығу тарихы мен қағаз шығаратын көлемдерін, кітап беттейтін машиналардың жұмыс істеу тәртібімен және кәсіпорынның тарихынан сыр шертетін мұражайға қойылған құнды дүниелермен таныстырды.


Сәуле Рысбаева алғаш еңбек жолын Жамбылдағы аяқ киім тігу фабрикасынан бастап, 1992 жылы жас Тәуелсіз елдің алғашқы кәсіпкерлерінің бірі болып, мөр шығару жұмысын бастайды. №139 қаулымен ашылған кәсіпорында 5 қызметкер қызмет етеді, біреуі Сәуле Мақшанқызының өзі. Құрылғыларды алу үшін ала дорбасын арқалап шетел барады, 2-3 сағаттық ұйқы, табанды талап пен жігер, үлкен мақсат пен арман бүгінгі таңда әлемдік аренадан орын алған «Рысбаева және КО» ЖШС-ның негізін қалады.
Онлайн кездесу барысында Елбасымен кездесудегі әсері мен Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына орай сый етіп жырыққа шығарған «Елбасымен жеті рет жүздесу» кітабының тарихына тоқталды, сонымен бірге Жеңістің 70 жылдығына орай жарық көрген «Мың тағзым» кітабы туған жері Мойынқұм ауданынан шыққан соғыс ардагерлері мен еңбек адамдарына, жалпы Туған жерге деген тағзым екенін толқып отырып жеткізді.
Әңгіме барысында әже қолында тәрбиеленген арудың қыз тәрбиесіне қатысты қомақты ойлары үлкен тәрбие екені аңғарылды, шолпы мен шашбаудың, білезік пен сырғаның құндылығы айтылды.


Кәсіпкерліктің қыр-сырын жетік меңгерген Сәуле Рысбаева қазіргі таңдағы жас кәсіпкерлерге беріліп жатқан үлкен мемлекеттік қолдаулардың маңызын атап көрсетті.
Өзінің өмір жолындағы тәжірибесімен бөлісе отырып, «ЭКСПО-2017» көрмесіне облыстан қосқан сый ретінде «Жасыл мектеп» ашқанын, балабақша және бастауыш сыныпқа арналған мектеп бүлдіршіндерді еңбекке баулып, біліммен қоса кәсіпкерліктің қыр сырын үйрететін айтты. Оған әдемі мысалдар да келтірді.
Бүгінгі таңда кәсіпорын 38 адамды жұмыспен қамтып, күнделікті тапсырыстардың пайыздарынан айлық төлеп отыр.
Өнегелі өмір иесі әлемнің қай еліне барса да қазақ еліне жетпейтінін, туған жерге деген сағыныш, құрметтің бәрінен биік екенін, елден шыққан кәсіпкерлермен бірігіп, ауылға мешіт соғып, тал егетінін, қайырымды істерін санап айтудың қажеті жоқ екенін, Туған жерге жасаған игілікті істің осымен бітпейтінін айтты.
Сонымен бірге оқырмандардан келген сауалдарға жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru