Досболдың даңқы асқақтай береді

Жал өңірінің іргесінде жатқан Досбол ауылының қашаннан бағы тайып, базары тарқамаған. Бұл аймақ малға да, жанға да жайлы. Аса өзенінен су мол келген жылдары балық ырғын, аң-құс та жетеді. Досбол мен Тоғызкенттің тегенедей келетін қарбызын айтсай, одан үйме-үй қысы-жазы үзілмейтін қауыншегі қандай! Жол-жөнекей осы Досбол ауылдық округіне қарасты ауылдарды аралағанда да тұрғындардың өтініш, ұсыныстарына ден қойып, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының жұмысымен танысып, «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабының жай-күйін көрді аудан әкімі.

Әрине, өмір болған соң, тіршілік қайнап жатса да мәселе деген таусылмайды. Аудан орталығы мен Төменгі Шу бойының ортасында жатқан ауылдарда да проблема бар. Мәселен, Досбол орта мектебіне газ кіргізуді қолға алу, Шағалалы ауылдық медициналық пунктіне құдық қазу, Досбол ауылдық клубының жылыту қазандығын жеделдетіп ауыстыру туралы мәселелер шықты әкімнің алдынан. Тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырма берілді. Үлкен Көкдала ауылындағы мектеп, кітапхана және медициналық пунктке жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарындағы бірқатар кемшіліктер де аудан әкімінің назарынан тыс қалмады. Мердігерге тез арада қалпына келтіру жөнінде ескертілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru