23/07/20201min1030


23 шілде таңғы сағат 8:00-де Аль – Фараби 2Б мекен – жайында орналасқан «Қан орталығында» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қатысуымен «Ізгілік елшісі» жобасы аясында «Донор бол» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға қала тұрғындарымен «Облыстық еріктілер қозғалысы» қатысты. Донорлық — әрбір азаматтың борышы. Донор болу арқылы Сіз кемінде бір адамның өмірін аман алып қаласыз. Адам ғұмырына ауадай қажет қанға зәру жандарға, өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға екінші өмір сыйлау — сауапты іс. Айта кетсек, жаңа алынған қан қазірге жағдайда, COVID — 19 пандемисы кезінде өте қажет. Сондықтан Сіздерді донор болуға шақырамыз❗ “Донор бол — өмір сыйла”❗

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru