Таңдаулы жаңалықтар:

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДІНИ СЕРГЕКТІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ - Zau.kz

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы бойынша «Ақниет» ақпараттық — насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ аймақтық өкілдігінің басшысы Дәлелхан Оспанов және «Мирас» колледжінің студенттері қатысты.

Аталмыш шара барысында бүгінгі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – дін саласындағы түрлі діни ағымдардың қаптап кетуі. Қазіргі таңда кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарға ерекше әсер етіп, адамдардың негізгі құқықтарына нұқсан келтіріп ұдайы адастырумен келетіндігі жайлы айтылды. Сондай-ақ сала мамандары қазіргі уақытта в контакте, инстаграм, ютуб, телеграм және де уатсап желілеріндегі келетін діни ақпараттарды қолданған кезде арнайы мешіт имамдарының және теолог мамандарының көмегіне жүгінген дұрыс деп санайды.