Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласы бойынша филиалы, Абай ауданының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Қ.Даулеталиев пен Еңбекші ауданының төрағасы С.Мырзаев қала аумағына қосылған елді-мекен шаруаларымен кездесті.

Кездесу барысында шаруалар биылғы қуаңшылықтың зардабы жеп-шөп бағасына әсер етіп ірі қара мал басының арзандап кетуі біраз жұмыстарына кедергі жасап отырғанын айтты. Былтырғы жылы дала шөбі (табиғи шөп) пресін 450-500 теңге аралығында болса биыл 1500 теңгеден сатып алып жатқаны ауыр тиуде дейді шаруалар.

Шаруаларды тыңдаған Партия өкілдері тиісті мекеме басшыларымен сөйлесіп, шаруаларды қолдау бойынша ұсыныстар жіберетінін айтты.