ДЕПАРТАМЕНТ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

14/01/20211min1290

Ағымдағы жылдың 13 қаңтар күні «Антикор» орталығында штаб жетекшісі Қ.Төлендиев және департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаевтың қатысуымен штаб жұмысының жұмысын қорытындылау және 2021 жылға жоспарларды талқылау мақсатында жиналысы өтті. Жиналыс жұмысына штаб өкілдері қатысты.
Ақпараттық-ағартушылық штабының негізгі мақсаты облыс тұрғындары арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Штаб құрамы облыстың зиялық қауым өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері, облыстық газеттердің бас редакторлары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарынан жалпы саны 40 адамнан құрылған.
2020 жылы жалпы саны 217 іс-шара өткізіліп, оның 55-і кездесу және 162 іс-шара онлайн форматта өтті. Кездесулерге 10 мыңға жуық адам қатысып, онлайн форматта өткен іс-шаралар 138 мыңнан астам қаралым жиналды. Штабтың инстаграм (https://instagram.com/anticor_shtab_taraz?igshid=yu26hnj1uevf) парақшасында 18 мыңнан астам адам тіркелген, бұл өз кезегінде республика бойынша үздік нәтиже болып табылады.
Штабтың 2021 жылдың 1 жартыжылдығына жоспар құрылып, штаб өкілдеріне таныстырылды. Өз кезегінде штаб өкілдері штабтың жұмысына белсенді қатысатынын айтып, санын арттыру бойынша ұсыныс енгізді.