Демеушілер көмек көрсетуде

Елімізде енгізілген карантиндік шаралар коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік берді. Оған дәлел ретінде облыста КВИ және пневмониямен сырқаттанушылық деңгейі төмендеп жатқанын айтуға болады.

Облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуы біршама тұрақтанғанына қарамастан, тұрғындар әлі де маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты, жеке гигиена мен дезинфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтауы маңызды күйінде қала бермек керек. Бұл қарапайым, міндетті қауіпсіздік шаралары коронавирустық инфекцияның таралуын едәуір төмендетуі мүмкіндігін есте ұстаған абзал.

Осындай қиын уақытта коронавирус пандемиясы жағдайында  жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық та маңызды.

Пандемия кезінде ауруханамызға, жерлестеріне көмектескісі келген демеушілеріміз  де жетерлік.

Атап айтар болсақ, 6-7 тамыз күндері жерлесіміз, қазіргі кезде Тараз қаласының тұрғыны, кәсіпкер Бозжігітов Заур 5 оттегі концентраторын, «DAULETTEN Қайырымдылық қоры» 3 оттегі концентраторын, «Шұғыла»  қоғамдық қоры 9 оттегі концентраторын аудандық ауруханасының  провизорлық стационарына  гуманитарлық көмек ретінде жіберді.

-Аудандық орталық ауруханамызға бүгінгі күні қатты жетіспеушілігі сезіліп жатқан медициналық бұйымдар түрінде:

«Амир и Д » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 10 дана инфрақызыл термометр, 4 дана бактерицидті сәулелендіргіш рециркулятор,  Катар- Россия гуманитарлық көмектен    КГУ «База СМС» арқылы     2150 дана бір реттік қорғаныс бетперделері,   2000 дана бір реттік хирургиялық қолғаптар, 2 дана байланыссыз инфрақызыл термометр, 185 дана медициналық қорғаныс көзілдірігі, «Атон-Диагностика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1 дана мүмкіндігі шектеуі адамдар арбасы, «Біз біргеміз»  қайырымдылық қорынан 5 дана пульсоксиметр,  3 дана оттегі жастығы, 5 дана нозальды катетр,1 дана  тепловизор және дәрі-дәрмектер, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасынан  700 қорап  Цефтриаксон 1,0 г фл+еріткіш+шприц 5,0; 50 қорап Зитрокс 500 мг №3 (Азитромицин), 100 дана ацетилсалицил қышқылы 0,5 г №10 , 50 дана антигриппин П №10, 50 дана парацетамол 0,5 №10,  100 қорап аскорбин қышқылы 5% 2мл №5 , 150 флакон глюкоза 5% 250мл,  150 дана инфузияға арналған система, 150 дана 10,0  шприц, 1000 дана спирттелген  салфетка, «ЕвроХимҚаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен  4 дана «Окситест-1» автономды қоректендірумен портативті пульсоксиметрлер, 150 дана КВИ анықтауға арналған жедел тесттер Rapid Test, 564 дана комбинезондар мен бахилалар, 125 дана медициналық қорғаныс көзілдірігі, 200 дана медициналық қолғаптар, 200 дана медициналық маскалар ,  «Зерде» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен №5 қалалық емхана арқылы  410 таблетка  ацетилсалицил қышқылы 0,5 г  , 776 дана новокаин 0,5% 5 мл №5,  451 дана спирттелген  салфетка 65х30, шприц 2,0 1558 дана, шприц 5,0  5434 дана, 394 таблетка парацетамол 500 мг,  45 дана зитрокс 500 мг,  5 дана ксарелто 10 мг №10,  392 дана дексаметазон 4 мг 1 мл №10, 2171 флакон цефтриаксон 1,0 г , 248 таблетка осельтамивир акрихин 75 мг №10, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан 100 дана коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған иммунохроматографиялық  экспресс тест, 200 дана обаға қарсы костюм жиынтығы, 2250 дана төрт қабатты сұйықтыққа қарсы хирургиялық маскалар FFP2,  1000 дана қорғаныс костюмдері (бір реттік),  2000 дана үш қабатты маска (бір реттік), 1400 дана диагностикалық қолғаптар, 10 литр сұйық сабын (таза кол), 4150 дана хирургиялық маскалар 17,5 см*9,5 см, 2000 дана хирургиялық қолғаптар,  2 дана  инфрақызыл термометр, 185 дана  медициналық қорғаныс көзілдірігі, 100 дана пластикалық маскалар, 1500 дана бір рет қолданылатын  үш қабатты медициналық маскалар, 200 дана қорғаныс киім жиынтығы, 1000 дана бетке арналған қорғаныс қалқаны, 200 дана көзілдірік қорғаушы, 200 дана медициналық халат, 2000 дана респираторлық маска, КГП на ПХВ «ЖОМДБ»-нан 40 литр қолды өңдеуге арналған антисептиктер,  50 литр дезинфекциялаушы сұйықтық жеткізілді,-дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бағила Бегманова.

Бұл гуманитарлық жүк аудандағы  медициналық мекемелердің қажеттілігіне қарай бөлініп берілді және де аудан тұрғындарының әлеуметтік осал топтарына арналған «Тараз» ӘКК және  «Атамекен» палатасынан келген дәрі-дәрмек жиынтығы ауырып жатқан, Жаңатас қаласының 30 отбасына, Саудакент ауылының 20 отбасына, барлығы  50 дәрі-дәрмек жиынтығы жеткізілді.

Демеушілерге гуманитарлық көмек үшін алғыс айтамыз, қазіргі жағдайда тілектестік үлкен маңызға ие деген пікірдеміз, дейді Сарысу аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *