Таңдаулы жаңалықтар:

«ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімі және Еңбекші ауданы мамандарының ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар мен зайырлы қоғам» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш шараға Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Саян Тілләбек және «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» студенттері қатысты.

Түсіндірме жұмыстары Саянбарысында теолог маман Саян Тілләбек жастарды кереғар діни ағымдардан адаспай, тура жолда, адал, елінің нағыз патриот азаматы болып, салт-дәстүрлерді ұстанып, саулауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.