Таңдаулы жаңалықтар:

«ДӘСТҮРДІҢ ДАРА ДІҢГЕГІ» АТТЫ БЕЙНЕ ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚПАҚ | Zau.kz

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен,
Әдет-ғұрып және салт -дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүрдің дара діңгегі» деректі фильм жарыққа шығарылмақ.

Мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібектің 90 жылдық мерейтойына арналған деректі фильм желтоқсан айында көрерменге жол тартпақ.

Деректі фильм 45 минутты қамтиды. Фильмде этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы, қызметі, атқарған еңбектері жайлы қамтылып, бірге қызмет атқарған, көзін көрген жандардан сұхбат жүргізіледі. Отбасы, туған- туыстарынан ғалымның балалық шағы, жүріп өткен жолдары туралы мәліметтер жиналып, ғалымның тәрбиесін алған қазіргі таңда зиялы қауым өкілдері Дулат Исабеков, мүсінші Тілеуберді Бинаш, «Айгүл» ансамблінің алғашқы мүшесі Ағайша Исағұлова т.б тұлғалардан сұхбат алынады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *