Таңдаулы жаңалықтар:

Дәрігерлер ауыр халдегі 900 граммдық сәбиді аман алып қалды | Zau.kz

№2 қалалық ауруханасында Жансая Бекежанова есімді азаматша 2021 жылғы 11 қыркүйек күні 900 граммдық сәбиді аса ауыр жағдайда босанған болатын. Жақын күндері перзентхана қабырғасында қырқынан шыққан Аяла есімді сәбидің кәзіргі салмағы — 1 кг. 425 грамм, жағдайы жақсы.

Үшінші нәрестесін босанған Жансая бүгінгі таңда аурухана қабырғасында 40 күннен аса емделіп, перзентхана ұжымына, соның ішінде тікелей Аяланың сауығып кетуіне өз септіктерін тигізген неонатолог дәрігерлері Насиба Корганбаева, Динара Аширбекова, Сурайё Шадиметова, Салтанат Аймағамбетова, нәрестелер бөлімшесінің медбикелері Айгүл Жұмашбекова, Әсел Камалидин, Самал Тұрсын, Дильфуза Эргешова, Камшат Ануарбекова мен Гүлшат Абилкасимоваға алғысын білдірді, «бүгінгі таңда Асқар Мұратұлы басқаратын аурухана ұжымы тарапынан, Есенгелді Ибрагимұлы бастаған перзентхана бөлімі мамандарының біліктілігінің және дұрыс жолға қойылған қызметтің арқасында халыққа сапалы медициналық көмек көрсетіліп жатыр, Аяланы емдеу жолында осы қысқа уақыт ішінде ұжым қызметкерлерімен бір жанұядай болып кеттік, ұжымның алдағы қиын да жауапты жұмыстарына сәттілік тілеймін» — дейді Жансая.

Айта кетейік ағымдағы жыл басынан бүгінгі күнге дейін №2 қалалық ауруханасының перзентханасында 8 мыңға жуық нәресте дүниеге келген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *