Дәрі-дәрмек тапшылығы азайып, бағасы тұрақтануда

Әлем жұртшылығын әбігерге салған пандемияның әлегі әл-әзір тыйылар емес. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымпен елімізде сақтық шаралары күшейтіліп, тиісті шаралар атқарылуда. Жамбыл облысындағы Сарысу ауданында да бұл бағытта жүйелі жұмыстар  жүргізілуде. Бүгінде жергілікті билік Жаңатас қаласы мен ауылдық аймақтарда дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмауға күш салуда. Оған негіз де жоқ емес.

Жасыратыны жоқ, еліміз бойынша маусым, шілде айларында коронавирус індеті өршігеннен кейін әсіресе ауылды жерде дәрі-дәрмек тапшылығы қатты білінді. Тіпті, облыс орталықтарындағы дәріханаларда қалың кезек орын алып, оның соңы үлкен дауға ұласып жатты. Ауыл халқы аудан, облысты қойып, тіпті ірі қалалардан да  дәрі  табылмаған кездер болды.  Дегенмен Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен, облыс, аудан әкімдерінің ықпалымен мәселе оң шешімін таба бастады.

Ал, бүгінгі таңда  індеттің беті қайта бастап, дәрі-дәрмек нарығындағы жағдай да тұрақтанып келеді. Ең бастысы бағаның негізсіз шарықтап кетпеуі басты назарға алынған.

Бұл тұрғыда Сарысу   ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес Байқадам ауылдық округінің әкімі Амантай Назарбеков округтегі дәріханаларды аралап шықты.

Жалпы Саудакент ауылындағы «Кенжебекова» жеке кәсіпкерлігі, «ЖанНұр», «Е&R» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің дәріханалар жұмысымен танысып,  зерделеу жұмыстарын жүргізді.  Округ әкімі ауылдағы бағаның тұрақты екендігін,аптасына 2 рет дәрі жеткізушілер ауылдағы дәріханаларға дәрі -дәрімек тапсырыспен жеткізіліп тұратындығын айтты.

Олар облыс орталығы-Тараз қаласындағы «Қоныс Б», «ФармЛидер» «.Медсервис+Тараз» фирмалары екен.

Жалпы дәріханалар бүгінде мукалтин, анальгин, стрептоцит, цитромон, антигрипин,терафлю,  дәрілерімен  қамтылуда. Парацетомол,аспирин дәрісі тапшы болғанымен, осы дәрілерді алмастыратын дәрі дәрмектер  бар. Тұрғындар тарапынан дәріні көптен алушылар азайып, даріхана жұмысын калыпты жағдайда жасап жатыр.

Осындай аудан аумағында дәрілер бағасының шарықтап кетпеуі мен жеткілікті болуын қадағалайтын мониторингілеу топтары да жұмыс істеуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru