Бюджет ашық болса, жемқорлық азаяды.

27/11/20201min460

2019 жылдан бастап елімізде мемлекеттік органдар жұмысы мен бюджетінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы (бұдан әрі – Карта) іске қосылып, жергілікті атқарушы органдардың бағынысты мекемелері бюджеттерін Картаға енгізуде.
Бұл жоба мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді.
Жамбыл облысында қазіргі таңда облыстың жергілікті атқарушы органдары мен оларға бағынысты мекемелер Интерактивті картаға өз бюджеттері туралы мәліметтерді енгізуде.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органы Картамен жұмыс жағдайы жөнінде басқармалар мен бөлімдердің, бағынысты мекемелердің басшыларымен және жауапты мамандарымен семинар-кеңестер, ZOOM платформасынды мәжілістер өткізіп, орын алып жатқан кемшіліктер атап көрсетіліп, мәліметтерді салу тәртібі түсіндіріліп тұрады, Карта жұмысына жауапты тұлғалардың сұрақтарына жауап беріледі.
Картаға деректер орналастыруда жиі кездесетін қателіктер: мекеме атауының дұрыс жазылмауы, бюджеттің жұмсалу мақсатының нақты көрсетілмеуі, қажетті құжаттардың толық салынбауы, қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістердің уақтылы көрсетілмеуі т.с.с. Мұндай кемшіліктер күнделікті байланыс нәтижесінде айтылып, түзетіліп отырады. Жоғарыдағы кемшіліктер алғашында көптеп кездесетін, алайда уақыт өте келе түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде кемшіліктер біршама азайып келеді.
Биылдан бастап қоғамның белсенді өкілдері Картаға енгізілген бюджет мәліметтеріне мониторинг жасап, мемелекет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға алып отыруды қолға алды. Осы мақсатта Департаментте облыстық мәслихат, «Нұр Отан» партиясы, Қоғамдық кеңес, Арнайы мониторингтік топ, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының өкілдерінен тұратын «Ашық бюджет» өңірлік клубы құрылды.
Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бері өңірлік клуб мүшелерімен жергілікті атқарушы органдардың спорт және білім салаларындағы бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша мониторинг нәтижелері Антикор-лайф форматында қарастырылып, тиісті ұсыныстар беріліп отырады.
Сондай-ақ, аталған жиындар барысында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» негізінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану деректерінің алдын алу мақсатындағы кейс нәтижелері талқыланды. Бұл бағытта Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі» КММ-не жолданған хат нәтижесінде нарықтық бағадан біршама жоғары бағаға компьютерлер алу жоспарланған мемлекет қаражаты қайты қаралып, өзгеріс енгізілді және 1 014 000 теңге мемлекет қаражаты үнемделді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар бюджетінің жұмсалуын негізінен «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Арнайы мониторингтік топтың өкілдері бақылап, зерделеп отырса, алдағы уақытта аталған жобаның танымалдығы артып, еліміздің кел-келген азаматы үшін өзін қызықтырған мемлекеттік мекеменің бюджет жұмысымен танысып, өз сұрағы мен ұсынысын осы Карта арқылы жеткізу әдеттегі жағдайға айналады деген ойдамыз. Осы мақсатта «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жөніндегі билборд жобалары әзірленіп, облыс орталығы мен аудандардың көрнекті орындарына орналастыру үшін қала, аудан әкімдіктеріне жолданды.

Ә.Әшірбаев
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Жамбыл облысы бойынша
департамент басшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *