«Бостан Глоб» басылымының бағасы қанша?

 

Лондондағы аукционда бір данасы мыңдаған долларға сатылған «Бостан Глоб»  газеті әзірге әлемдегі ең қымбат басылым болып тұр.

Ол «Бостон Глоб» газетінің 12 — сәуір 1912 — жылғы саны болатын. Газеттің сол таңертеңгілік бетінде «Титаник» корабльінің суға кеткендігі жөнінде алғаш рет ақпарат берілген еді.

Міне, «Титаник» жайлы жазылған «Бостон Глоб» газетінің сол күнгі бір жапырақ қағазы кейін аукционда қомақты қаржыға сатылған екен.

Жалпы, осыған қарап- ақ АҚШ газеттерінің сол кездің өзіндегі жеделдігіне таң қалуға болады. Түнде болған оқиға ертесіне шартарапты шарлап кетті. Бұл 1912 жыл үшін айтуға тұрарлық жағдай еді.

Жалпы, Американ газеттерінің көлемі өте үлкен болады. Шағын қалаларда шығатын күнделікті газеттің өзі спорт, бизнес және саясат секілді бөлімдерден тұрады. Әр бөлімнің кемінде жиырма беті бар. Бұл дегеніңіз қалалық газеттің өзі 60-70 беттен тұрады деген сөз.

Ал, үлкен қалаларда шығатын газеттер 100- 120 бетке дейін барады. Жарнама мен өзге де қосымшаларымен мұндай газеттердің салмағы 3 келіге дейін тартады.

Американ газеттерінің басым көпшілігі Канада қағазына басылады.

Осылай, АҚШ газеттері өзінің көлемімен әрі жеделдігімен әлі де көпті таң қалдырып келеді. Мәселен: «Нью- Йорк таймс» газеті бір күнде екі рет шығады. Ол әр сағат сайын жаңалықты жаңартып отыруға арналған әлемдік басылымға айналды.

«Нью- Йорк таймс» газеті өзінің ең көп награда алған атақты журналистерімен, газеттің тиражы мен қалыңдығы жөнінен де дүние жүзіне танымал.

Сонымен қатар, АҚШ — тың «Панамерикан» әуе компаниясына таратылатын бір басылым әр сағат сайын жарыққа шығып отырады.

Тарихта ең алғашқы газеттер Италияда шыққаны белгілі. Газет сөзінің өзі Итальян тілінен алынған болатын.

Ал, газет бетіндегі ең алғашқы жарнама 1697 жылы Англияда басылған екен.

Газет қазір барлық құрлықта басылады. Тіпті, Антарктиданың да «Антарктик – Сан» атты өз газеттері бар. Ол АҚШ — тың Мак- Мердо атты полярлық стансасында басылады. Сөйтіп, мұз құрлығының өзге стансаларына таратылады…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *