Бизнес пен инвестицияны қорғауға арналған «Protecting Business and Investments» жобасының жұмысы туралы онлайн жиын өтті.

08/09/20201min200

Ағымдaғы жылдың қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов жетекшілік еткен бейнеконференц байланыс арқылы онлайн жиын өткізілді.

 

Жамбыл облысы бойынша аталған жиныға Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә. Әшірбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасының басшысы А. Сейсебаев, кәсіпкерлер палатасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Полиция департаментінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдарың басшылары және бизнес өкілдері қатысты.

 

Онда Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов еліміздің экономикалық тұрғыда одан әрі өркендеуінің ең маңызды факторының бірі ол күшті бизнес екендігін айтып, барлық мемлекеттік орагндар бизнес пен инвестицияға жан-жақты заң аясында қолдау көрсету қажеттілігін ескертті.

 

Кәсіпкерлер үшін қолайлы инвестициялық климат құру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында 2018 жылғы маусымда Агенттіктің бастамасымен, сондай-ақ Сыртқы істер мен Инвестициялар және даму министрліктерімен «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы жүзеге асырылуда.

 

Атап айтатыны, қазіргі таңда Департамент жергілікті және шетелдік инвесторлармен және кәсіпкерлермен, жылпы соммасы 504 млрд.теңгеден астам 33 келісімге отырды.

Кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау Департаменттік басым бағыттарының білі болып табылады.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru