Бизнес пен инвестициялар қорғалуда

11/09/20201min290

Ағымдғы жылдың қыркүйек айының 10-шы жұлдызында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе  облысымыздағы кәсіпкерлікті қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы дөңгелек үстел өткізді.

Аталған жиныға Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Кәсіпкерлер палатасының, Экономикалық тергеу департаментінің, «Kazakh Invest»  ҰК өңірлік филиалының басшылығы, кәсіпкерлер мен инвесторлар және басқа да мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ә. Әшірбаев, Департамент тарапынан «Protecting Business and Investments» жобасы аясында 504 млрд. теңгеден астам  33 жергілікті және шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу көрсетіліп жатырғандығы, сондай-ақ кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау Департаментің басым бағыттарының бірі екендігін атап айтты.

Сонымен қатар дөңгелек үстелде кәсіпкерлікті қорғау және өңірдегі бизнес ахуалды жақсатру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Кәсіпкерлер палатасының, Экономикалық тергеу департаментінің және «Kazakh Invest»  ҰК өңірлік филиалының өкілдері баяндады.