Publisher Theme
I’m a gamer, always have been.

Биыл Рәміздер күні қалай тойланады?

0 4 255

Бүгін Қазақстанда – Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн ел бойынша қалай тойланатынын Мәдениет және ақпарат министрлігінің Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Аргенова айтып берді.

— Республика бойынша Рәміздер күні қалай тойланады?

— 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын арнайы комиссияның бекітілген жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Бізде Президент жанында мемлекеттік рәміздер жөнінде комиссия бар. Сондай комиссия барлық өңірлерде бар. Дәл сол өңірлердегі комиссиялар өзінің бақылауына алып, осы күнді жоғары деңгейде атап өтеді. 4 маусым күні сағат таңертеңгі 10-да ең бірінші Мемлекет басшысының қатысуымен дәстүрлі түрде мемлекеттік ту көтеру рәсімі болып, кейін мемлекеттік гимн орындалады. Дәл осы шара барлық өңірде бір уақытта облыс және өңір әкімдерінің қатысуымен өтеді. Кейін республика бойынша Қазақстан Республикасының Патриоттар форумы өтеді. Жылда бұл форумда 12 бағыт бойынша еліміздегі жыл патриоттары марапатталады. Жандарбек Мәлібековтың қатысуымен Еуразия ұлттық университетінде конференция өткізіледі. Жылда Шот Аман Уәлихановтың туған жері Атырау өңірінде конференция өткізіледі. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты тоқтатылып тұр. Ал Жұмекен Нәжімеденовтың туған өлкесінде Жұмекен оқулары өткізіледі. Шәкен Ниязбековтың туған өлкесі Жамбыл облысында Шәкен сурет салу байқауы өткізіледі және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық конференция өткізіледі. Биылдың бір ерекшелігі 4 маусым күні Қарағанды облысында 3 мың адам гимн орындап, Гиннесс рекордтар кітабына енеді деген үміттенеміз. Сондай-ақ Президенттің ең бірінші құрылтай отырысында берілген тапсырмасына сәйкес, Ұлытау облысында Рәміздер алаңы ашылады. Жалпы республика бойынша биыл 7 мыңнан астам іс-шара жоспарланып тұр. Соның ішіндегі ірісі – 300. Қалғандары ұсақ іс-шаралар. Оның ішінде аудандық, ауылдық спорттық шаралар, дебаттар, авто, велошерулер, челлендждер, флешмобтар және акциялар жүргізіледі.

— Рәміздер күнін атаудың биылғы ерекшеліктеріне тоқталсаңыз.

— Соңғы екі жылдан бері банктің басшыларына, оның ішінде Kaspi Bank, Halyk Bank-терге арнайы хат жолдаймыз. 4 маусым күні барлық телефон қосымшаларында тудың бейнесін шығару бойынша. Сонымен қатар соңғы 2 жылда байқап жүрген шығарсыздар, республика бойынша Астана қаласынан бастап барлық өңірлерде, орталық алаңдарда, спорттық ғимараттардың алдарында тұрған үлкен ледтарда қазақстандық спортшылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің құттықтаулары мен мемлекеттік рәміздердің бейнелері шығады. Дәл сол күні біздің әуежайда, теміржолда және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының экрандарында арнайы құттықтаулар жүргізілетін болады. Былтыр мүмкіндігінше тек акционерлік қоғамдарға хат жолдаған болсақ, биылдан хатты квазимемлекеттік сектордың барлығына жолдап жатырмыз.

— Жалпы Рәміздер күнін тойлаудың маңызы неде?

— Мемлекеттік рәміздерді тойлау деген арнайы қаулы бар. Негізі Рәміздер күнін тойлаудың негізгі маңыздылығы – жастарды патриоттық сезімге шақыру. Патриоттық сезімге тәрбиелей отырып, Отанын, елін сүюге баулимыз, елдің құндылығын, қасиетін түсіндіруді мақсат етеміз. Біз Рәміздер күні деп ту мен елтаңбаны алып жүгірмейміз. Біздің негізгі мақсатымыз патриоттық шара.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.