Таңдаулы жаңалықтар:

БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ - Zau.kz

Қаратау ауданында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Қаланы көгалдандыру мақсатында жыл басынан бері аудан аумағында 6 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 70 мыңға жуық түрлі декоративті және көп жылдық гүлдер егілді.

Жасыл желектерді күтіп-ұстау жұмыстары көгалдандыру жұмыстарына жауапты мекемелер тарапынан жүргізілуде. Көше бойындағы ағаштар бұталып, түптері әктелді. Қоршау жұмыстары атқарылып, қураған ағаштар орнына жаңа көшеттер отырғызылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.