Бірлігі бекем елдің тірлігі көркем

Бірлік — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі.
Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды.
Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деп түйген.
Осындай мақсатта облыс әкімі мен аудандар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысшы топ құрылған болатын.
Бұл топты топ жетекшісі облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Асаубай Майлыбаев бастап келді.


Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек модераторлық еткен басқосуда облыстық мәслихаттың депутаты, «Казфосфат» ЖШС «Қаратау» тау-кең өңдейтін кешені» филиалының директоры Мұратқали Сәрсенов, «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Есмұрзаев , аудан прокуроры Аслан Әбілдаевтар болып, ауыл тұрғындарымен еркін әңгімелесті.
Жиынның басты тақырыбы елдің бірлігі, достық пен татулық болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жүргізілген ұлтаралық татулық пен толеранттылық саясат өз жемісін берді. Осы «сарабдал саясаттың» арқасында Қазақстан татулық пен тұрақтылықты сақтай алды.
Мұның нақты дәлелі Сарысу ауданының Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды елді мекенінде қоныстанған гүрді ұлтының өкілдері.
Толықтай тоқталсақ Түркістан ауылдық округі бойынша 1397 тұрғын болса , оның 389-ы гүрді ұлтының өкілдерін құрайды.
Ал, Арыстанды елді мекенінде 390 адам болса, оның 291-і гүрді ұлтының өкілдері , 99-ы қазақтар қаншама жылдардан бері бір үйдің баласындай тату-тәтті, достықта өмір сүруде.
Бүгінде Арыстанды орта мектебінде күрді тілі сабағы арнайы оқытылады.
Аудандық «Барбанг» күрділер Ассосациясының төрағасы Айдаров Камал Абдулхадирұлы мен Арыстанды ауылының имамы Алиев Тельман Асанұлдары елді мекендегі тыныштық пен тәртіпті, ұл-қыздарының тәрбиесі мен өнегесін қолға алып, қазақтай бауырласып кеткенін бүкіл аудан тұрғындары жатқа біледі.
Осылайша ауыл ахуалын сөз еткен Сұлтан Әлиев қария ұлты гүді болса да қазақпен құда болып, керегесін кеңге жайып отырған жәйі бар.
Үш бірдей ұлы қазақ қыздарына үйленіп, немере сүйіп, бақытты жанұялардың біріне айналған. Дәл осындай ауыл тұрғындары Исмайл Мұстафаев, Сулхадин Қасимовтар да осы басқсоуда сөз сөйлеп, қазақ жеріне деген өз ризашылықтарын білдіріп, өздері де қазақтың салт дәстүрлерін ұстанып, қазақ тілінде сөйлесіп, көршілермен тату тәтті өмір сүріп жатқандығын тілге тиек етті.


Сондай-ақ, Президенттің сарабдал саясатын қолдап, әрқашан балаларын тура жолда жүруге шақырып отыратын гүрді ағайындарды ауылдықтарда бөлектетіп бөле-жара қарамайды.
Осы жиында алғыста айтылып, көпшілік көкейінде жүрген ұсыныс-пікірлер де жеткізілді.
Атап өтсек: Арыстанды ауылы маңынан Түркістан облысына өтетін жай жолға шағыл тас төсеп беру және Қаратас каналын жөндеу туралы өзекті мәселелер көтерілді. Балалар болашғымыз деп ұрпақтары үшін ерінбей еңбек етіп, таң сәріден қара кешке дейін еңбек ететін ауылдықтар шағын ауылдан балабақша немесе шағын орталық ашу үшін облыс тарапынан көмек беруді сұрады.
Осындай кездесулер Жаңаарық, Байқадам, Жаңаталап ауылдық округінің Ұйым елдімекені және Игілік ауылдық округтерінде де жалғасын тапты.
Елдің бірлігі мен татулығын сақтауды ту еткен шарада облыс әкімі мен аудандар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысшы тобы маңызды мәселелерді көтеріп, елдің сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Дариха Үмбетиярова

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru