Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі қандай?

Біріккен Ұлттар Ұйымы 11- мәрте Нобель сыйлығын алған әлемдегі жалғыз халықаралық ұйым болып есептеледі. Оның барлығы да бейбітшілік пен әлемдегі шиеленісті реттеу саласы бойынша берілген.

Ал, осы уақытқа дейін БҰҰ- ны басқарған тоғыз бас хатшының екеуі ғана Нобель сыйлығын алды. Ол Даг Хаммершельд пен Кофи Аннан болатын.

БҰҰ- ның 117 000 адамнан тұратын өз әскері бар. Олар осы уақытқа дейін дүние жүзіндегі 71 әскери операцияларға қатысқан.

2018 жылғы БҰҰ-ның бюджеті 5,4 миллиард  долларды құрады. Бұл аталған ұйымға мүше 193 мемлекеттен жарна ретінде жиналатын ақша екендігін ұмытпаған жөн.

БҰҰ- ның қазір Нью — Йорктан бөлек, Женева, Вена және Найробиде бөлімшелері бар. Дүние жүзі бойынша Біріккен Ұлттар үйымында 61 мың қызметкері еңбек етеді.

БҰҰ қазіргі уақытта жер бетінің 80 мемлекетінде 80 миллион  адамды күнделікті тамақтандырады. Жыл сайын соғыс аймақтары жайлаған елдерден 65 миллион  босқынға қол ұшын созады. Бұдан бөлек, қатерлі аурулардың алдын алуға да көмектесіп келеді.

БҰҰ — ның АҚШ, Қытай, Ресей секілді әлемнің ең ірі мемлекеттерінен тұратын бес тұрақты мүшесі бар. Ол елдердің вето қоюға мүмкіндігі қарастырылған.

Алайда, соңғы уақытта БҰҰ-ны реформалау жөнінде көптеген әңгімелер айтылып жүр.

Себебі, бұл ұйымның әлемдік соғыс қимылдарын реттеуде қазір бұрынғыдай қауқары қалмаған. Мәселен: «XXI ғасырдың басында басталған АҚШ-тың жаңа бодандау саясатын бейбіт реттеуде БҰҰ әлсіздік танытты» деп талай сыналған болатын…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru