Таңдаулы жаңалықтар:

«БІЛІМДІ ЖАС — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ СТУДЕНТТІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТТ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі аясында Еңбекші ауданы жастар орталығының қолдауымен «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» ұйымдастыруымен «Білімді жас–Қазақстанның болашағы» атты студенттік фестиваль өтті.

🗓 17 қараша – Халықаралық студенттер күні мерекесіне орай, Шымкент қаласы колледждері студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» атты мерекелік іс-шаралар аясында «Білімді жас – Қазақстанның болашағы» тақырыбында Студенттік фестивалі ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шара барысында өскелең ұрпақтың, студент жастардың жан-жақты саналы, терең білімді, бәсекеге қабылетті болуы – қоғам сұранысы екендігі, колледждерде білім берумен қатар, көп қырлы тәрбие жұмыстарының да маңызы зор екендігі атап көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу, өз уақытын тиімді пайдаланып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабылетті маман болып шығуға үндеу.

Қала әкімі М.Әйтеновпен бекітілген «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шарасының концерттік бағдарламасынан кейін студент жастардың қатысуымен «Студенттік Парламент» өзін-өзі басқару ұйымдары, «Ашық ой алаңы» дебаттық клубтарының белсенді мүшелері ойларын ортаға салып, қоғамды дамыту жолындағы жастардың ролі туралы ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, «Республикалық үздік 100 студент» конкурсына қатысушы қоғамдық өмірде, өз кәсібін меңгеруде белсенділік таныытып жүрген студент жастар, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына сұранысын арттыру мақсатында өткізілетін «WorldSkills Kazahstan-2021» Республикалық чемпионатына қатысушы белсенді жастар өз еңбектері мен өнерлерін алға тартып, көпшілік назарына ұсынды.

Осы орайда, «Жас маман» жобасы аясында 2020-2021 жылдар аралығында 7 колледжді замануи метериалдық-техникалық базамен жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылуда. «Жас маман» жобасын жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлінді. 2020 жылы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде және Жол-көлік колледжінде құзыреттілік орталықтары ашылса, алдағы 2022 жылы Политехникалық, Индустриалды-техникалық, Тамақтандыру және сервис, Энергетика және байланыс, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледждерінде 13 мамандық бойынша құзыреттілік орталықтарын ашу жоспарланып отыр.