Білім саласына жүргізілген мониторинг бірқатар кемшіліктің бетін ашты

12/01/20211min3350

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе білім саласындағы, дәлірек орта білім беру мекемелерінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Білім саласының қылмыстық істер статистикасына жүгінетін болсақ, соңғы 2 жылда білім саласында жалпы 34 қылмыстық іс-тіркелген.
Жүргізілген мониторинг жұмыстарымен Мектептердегі ваканттық орындарға қызметкерлерді қабылдау процедурасының сақталуын қамтылған.
Соңғы 6 айда Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінен алынған ақпаратқа сәйкес, әр-түрлі санаттағы 783 қызметкерлер қала мектептеріне жұмысқа қабылданған. Мектепке бос ваканттық орынға қызметкер алу алдында міндетті түрде ваканттық орын туралы хабарландыру беру қажет. Алайда жүргізілген мониторинг жұмыстары аталған кағиданың тұрақты түрде ұсталмайтындығын көрсетті. Мәселен, № 3 лицейі сонғы жарты жылда барлығы 29 адамды жұмысқа қабылдаған (22 мұғалім, 6 техникалық қызметшілер және 1 есепші) алайда аталған лицей ешқандай орын бойынша хабарландыру бермеген. № 13 Мектеп 3 мұғалімді хабарландырусыз жұмысқа алған. № 18 Мектеп 2 мұғалімді, 2 есепшіні хабарландырусыз жұмысқа алған.
№ 19 Мектеп есепшіні хабарландырусыз жұмысқа алған. № 21 Мектеп бастауыш сынып мұғалімін хабарландырусыз жұмысқа алған. № 24 Мектеп 10 мұғалімді және 1 есепшіні хабарландырусыз жұмысқа алған. № 44 және 51 Мектептер бір мұғалімнен хабарландырусыз жұмысқа алған. № 52 Мектеп бас есепшіні және есепшіні хабарландырусыз жұмысқа алған. № 59 Мектеп бір мұғалімді хабарландырусыз жұмысқа алған. Жоғарыда аталған фактілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып келеді, себебі алдын ала хабарландыру бермей қызметкерді жұмысқа алу мүдделер қақтығысының туындауының бірден бір себебі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *