Білім беру мазмұнын жаңартудың маңызы зор

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерге арналған 2020 жылғы облыстық тамыз кеңесінің
on-linе режиміндегі секция отырысы өтті
2020 жылдың 19 тамыз күні «Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл — мектеп жүйесінің ажырамас бөлігі» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерге арналған 2020 жылғы облыстық тамыз кеңесінің on-linе режиміндегі секция отырысы өткізілді. Барлығы 283 қатысушы Sabak.кz платформасы арқылы секция жұмысына үлес қосты.
Секция отырысында «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы, “Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие жұмысындағы инновациялық жұмыс формалары” тақырыптарында баяндамалар тыңдалды және тәрбие жұмыстарын қашықтықтан ұйымдастыру бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *