Таңдаулы жаңалықтар:

Бетқайнар ауылында «Біз біргеміз!» тақырыбында сенбілік өтті

Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округінде «Біз біргеміз!» тақырыбында  ерікті  жастардың қатысуымен сенбілік өтті. Аудандық ішкі саясат бөліміне қарастыр «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырған шараға бетқайнарлық ерікті жастар айрықша атсалысты.

Игі шара ауылды таза аймаққа айналдыру, көркейюне үлес қосу, ауылымызды гулдендіріп жандандыруға жастарымызды баулу мақсатына негізделді. Сондай-ақ, жастардың «табиғат», «денсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту сенбіліктің өзегіне айналды.

Сенбілік жұмыстарына ерікті жастармен бірге мекеме қызметкерлері шығып, қоғам үшін қажетті іске жоғарғы деңгейде қатысты.

«Табиғатты аялау – әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғитты  сүйе  білген, оны  аялап,  күтім  жасаған  адамның  жаны  да, ары да таза болады. Жер – сенің аяулы  бесігің. Осы жер үстінде сендер тіршіліктің есігін аштыңдар. Бүкіл тіршілікке жер үлкен қара шаңырақ іспеттес. Сондықтан да өз туған жерлеріңді таза ұстап қорғауымыз қажет. Қоғам назарын ауыл көшелеріне тазалық сақтауға аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпаққа тәрбие беру. Жастарға қоршаған орта,  табиғат жайлы білімділігін кеңейту, табиғатқа деген жанашырлықтарын арттыру»,-дейді ұйымдастырушылар мен қатысушылар.

Шара барысында ауылдық орталық, көрнекті орындары және айналасы тазалапы, көгеріштендірілді. Мұндай сенбіліктер жалғасын табылатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *