Белгілі журналист Берік УӘЛИ  жаңа қызметке тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің  2018 жылғы «21» маусымдағы №98-Ж/Қ  өкімімен  Берік Уәлиұлы Құрманғали Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Берік Уәлиұлы Құрманғали 1977 жылы туған, білімі жоғары, 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика»,  2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің  журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің  жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі, 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері   басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *