Таңдаулы жаңалықтар:

БАЗАР ЖАСТАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ! - Zau.kz

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің және Әл-Фараби ауданы «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттандыру жұмыстары Әл-Фараби ауданына қарасты «Қырғы» базарында өткізілді.

Ақпараттандыру жұмыстарының мақсаты жастарға тұрғын үй, жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар жұмыссыз жастардың санын азайту.