Басты мақсат-жемқорлыққа жол бермеу

27/01/20201min1690

Тараз қаласында жаңадан ашылған  «ANTIKOR» сервистік орталығында  Агенттік Төрағасының орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Шабдардың қатысуымен кездесу өтті. Жиынды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев жүргізіп отырды.

Сервистік орталықтар қызметін ұйымдастыру, жалпы ашықтық пен айқындық, яғни «Опен  спейс» форматында жұмыс істеу бастамалары уақыт талабы. Бұл Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барша мемлекеттік органдар алдында қойылған мақсаттардың бірі екенді барлығымызға белгілі.Алғашқы сөз кезегі облыс әкімі А.Исабекұлына берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтарды жұмылдыру үшін қазіргі кезде құқық қорғау немесе мемлекеттік органдармен қатар, азаматтық қоғам өкілдерінің маңызды рөл атқаратындығы белгілі. Бүгінгі таңда адалдық пен парасаттылықта дәріптеу мақсатында облыстағы танымал азаматтар қатарынан Департамент жанында арнайы ақпараттық үгіт Штабы жұмыс жасай бастады.  Келесі сөз кезегі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыстың республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, үгіт Штабының басшысы  Қасымхан Естемесұлы Төлендиевке берілді.

Жамбыл облысында кәсіподақтар бірлестігімен еңбек дауына жол бермеуге, қызметкерлердің құқықығын қорғауға, жалақылардың дер кезінде берілуіне, әлеуметтік пакеттердің сақталуы сияқты бағыттарда қомақты жұмыстар атқарылып келеді.  Өз кезегінде орын алған бағыттар бойынша қоғамдық қабылдау, келісім орнату және тағы басқа мәселелер бойынша «Аntikor» орталығының алаңы көпір болуға дайын. Сөз кезегі Жамбыл облысы бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепбергенге берілді.

Жаңадан құрылған Агенттік сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді және оның тиімділігін арттыру, ең біріншіден алдын алу шараларын нығайту арқылы жүзеге асыруда.  Бүгінгі күні, іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен  сыртқы талдау жүргізу механизмдері кеңінен қолдануда. Өткен жылдың 12 айында 11 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша 26 ұсыныс берілген. Сонымен қатар есептік кезенде 17 мемлекеттік органдардың, мекемелердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын 11 сыртқы талдау  жүргізіліп, оның қорытындылары бойынша 47 ұсыныс енгізілді. Онымен қоса, Агенттікпен іске қосылған «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» және «Бизнес және инфестицияны қорғау» жобалары біртіндеп танымал болуда.

Атап айтқанда елімізде «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» енгізілді. Бұл интернет ресурс – мемлекеттік мекемелердің бюджеттерінің орындаулы туралы ақпаратты орналастыру, осыған қоса аззаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу алаңы болып табылады. Жамбыл облысында қазіргі таңда 1084 мемлекеттік мекеме Интерактивті картадағы кабинеттерін белсендіріп, оның ішінде бекітілген кестеге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың бағынысты 900 мекеменің барлығы өз бюджеттерін енгізіп, жариялады.  Ал «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» жобасы аясында жергілікті және шетелдік инвесторламен бірге 400 млрд. жуық теңгені құрайтын 27 келісімге қол қойылды. Жобаны іске асыру уақытында 20 өтініш өз шешімін тауып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Кез келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба, бұл қоғамда және жалпы мемлекетте парасаттылық инфраструктурасын құрудағы кезекті қадамдардың бірі. 2018 жыл соңында Агенттік және облыс әкімдігінің қолдауымен «Жамбыл адалдық алаңы» жобасы құрылған болатын. Аталған жоба аясында «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Ізгілік елшісі», «Сапалы жол» сияқты бірнеше кіші жобалар жүзеге асырылып келеді. Адалдық алаңы жобасы бір жылдың ішінде ақ қоғам тарапынан кеңінен қолдау табуда.

            Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуына сыртқы талдау мен баға беру жұмысы, республикада, облыстарда және аудандарда қоғам белсенділерінен құрылған  арнайы мониторингтік топтармен жүзеге асырылуда. Есептік кезеңде арнайы мониторингтік топ мүшелерінің 4 отырысы өткізіліп, онда 10 сұрақ қаралып мемлекеттік органдарға 26 ұсыныс енгізілді. Одан бөлек топ мүшелерімен қоғамдық бақылау, зерделеу және т.с.с. 120 – ға жуық іс-шараларға ұйымдастырған. Толығырақ  Арнайы мониторингтік топ басшысы Бауыржан Жолдасбекұлы Мөрбеков баяндады.

Агенттікпен ашықтықты, қоғам алдында мемлекеттік органдардың есеп берушілігін жоғарылату, Заңның үстемдігін күшейту бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Сондай-ақ, «Аntikor Ortalygy» сервистік орталығын ашу бастамалары барлық өңірлерде іске қосылып жатырғандығы мәлім.

Басқосуды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар қорытындылады.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru