Таңдаулы жаңалықтар:

БАСПАНА АЛУ БОЙЫНША ТАБЫС КӨЗІН РАСТАЙТЫН БАНКТІҢ ХАТЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАРАМДЫ

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Тұран шағын ауданындағы кредиттік тұрғын үйлердің конкурсына өтінім беріп, төлем қабілетін растаған азаматтардың Отбасы банк берген хабарлама хаты жыл соңына дейін жарамды.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша «Шаңырақ» бағытымен тапсырылған несиелік 27 тұрғын үйді басқарма теңгеріміне мемлекеттік органдармен тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Несиелік бағыттағы пәтерлер толығымен тұрғын үй басқармасының теңгеріміне өткізілген соң, азаматтар сатып алу туралы келісім шартын рәсімдейді. Кейін банктен ипотекалық қарыз шартын беруді мақұлдау туралы хабарлама хатын ұсынып, тұрғын үй сертификатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағытымен тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді.