Бас дәрігер парамен ұсталды

07/04/20201min460

Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері парамен ұсталды.

Ол мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша құрғақ балалар тағамын жеткізуші кәсіпкерден 800 мың теңге көлемінде пара талап еткен екен. Ал кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарына шағым түсірген.

Күдікке іліккен бас дәрігерді құрықтауға келген мамандар кабинетті толық тінтіп шығады. Бірақ «белгіленген» ақша табылмаған. Әккі басшы қомақты қаржыны өзінің қабылдау кабинетінің кіреберісіндегі ұялы телефон қоятын жәшікке салып қойыпты. Қазір бұл іске қатысты барлық шаралар аяқталған. Меркі аудандық ауруханасының бұрынғы басшысы кінәсін толық мойындап, 3 жылға темір торға жабылды. Сондай-ақ, ол өмір бақи мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru