Барак Обаманың Кениямен қандай байланысы бар?

Барак Обама президент болып сайланғанда алыстағы Кенияда мемлекеттік мереке болып жарияланыпты.

Не үшін? Себебі Барактың әкесі Хусейн Обама кениялық болатын. Ол Кенияда туып, Гавай университетіне оқуға түскен. Сонда жүріп 1960 жылы Барактың американдық шешесімен танысып, 1961 жылы АҚШ — тың 44- ші президенті өмірге келді.

Кениялық «Муа» тайпасының да қуанатынындай бар еді. Өйткені, олардың ішінен, Нобель сыйлығының иегері,  әрі АҚШ секілді алпауыттың президенті шықты.

Барак Обаманың өзі Кенияға осы уақытқа дейін үш рет барған екен. Ол алғаш рет оны ешкім танымайтын кезде. Яғни, 25 жасында барған. Ол кезде Баракты мемлекеттік деңгейде ешкім күтіп алмаса да, жергілікті тайпа оған құрмет көрсетіп, ешкі сыйлаған екен.

Екінші рет, Барак Обама Кенияға 2006  жылы сенатор ретінде барып, Муа тайпасының өкілдерімен кездесті. Онда да қонақжай жұрт Обамаға ешкі сыйға тартқан еді.

Үшінші рет,  Барак Кенияға АҚШ  президенті ретінде 2015 жылы барды.

Әрине, ол кезде құрмет мүлдем бөлек еді. Барак келеді деп кениялықтар ерекше дайындалды. Көшелер жөнделіп, айнала тазартылды.

Алайда, Обаманың бұл сапарында жергілікті жұртшылық оған ешкі сыйлай алмапты. Тек, жоғарғы деңгейлі кездесулер мен өзге де жағдайлар болған.

Барак Обаманың өзінің тарихи туған жеріне қалай көмектескендігін қайдам.

Бір анығы: Барак бүкіл шығыс Африка елдерін электр жарығымен қамтитын құны 7  млрд. доллар болатын «Поуэр Африка» жобасына көмектесетіндігін айтқан. Ол бойынша осындағы біраз ел жарықпен қамтылуы керек еді.

Алайда, Кения қазірдің өзінде Африкадағы жылдам қарқынмен дамып келе жатқан елдердің бірі. Мұнда толып жатқан қызықты заңдар бар.

Кенияның табиғи байлығы да ерекше. Мәселен: Кенияда әлемдегі ең ірі деген бес жануар да мекен етеді. Олар:  піл, мүйізтұмсық, буйвол, жолбарыс пен леопард.

Айтпақшы; Кенияда үйленуге де қатысты әлі де көптеген ескі заңдар сақталған.

Мәселен,  кез келген үйленетін кениялық азамат қалың мал ретінде қыздың жанұясына 10 сиыр апарып беру керек екен.

Айбол ҚАРАШОВ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *