Балалар-біздің болашағымыз

Балаларға оңтайлы жағдай жасап, оларды жайлы әрі жылы жерде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ете отырып, оқыту, білім беру басты мақсатымыз.

Сондықтан бүгін аудандағы бірқатар білім ошақтарында болып, жаңа оқу жылына, қысқа дайындық жұмыстарымен таныстым.

Осы аралау барысында 1980 жылы жатақхана есебінде ыңғайластырып соғылған Жаңаталап ауылындағы орта мектепте болдым. Жаңаталап орта мектебі содан бері біраз жылдар бұрынғы қатты боранды кезде ғана шатыры ауыстырылып, ешқандай күрделі жөндеу көрмеген екен.

Аталмыш мектепте 173 бала білім алуда. Бұл мектептің оқушылары биылғы оқу жылын дәстүрлі түрде оқиды.

Жалпы, Жаңаталап орта мектебінің  күрделі жөндеу жұмысына  бөлінген қаржы 72 млн.теңге. Жұмыстың  басталған уақыты үстіміздегі жылдың  2 маусымы болса, аяқталу  мерзімі  30 тамыз деп жоспарлануда екен.

Мердігері «Меркі Мерей» ЖШС директоры Қалдықұл Ербол Тоқтағанұлы, техникалық қадағалаушы «Су жоба құрылыс» ЖШС.

Бүгінгі таңда ішкі сылақ жұмыстары 3 қабатта да аяқталған. Сырланып, ақталынып, ішкі жылу жүйесі орнатылып, электро монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, жарық шамдары орнатылу барысында. Заттары түгелдей әкелінген. Ішкі әжетхана аяқталып, есік-терезелері орнатылған. Еден төсеу жұмыстарына қажетті құрылыс заттар әкелініп, 3 және 2 қабаттың дәліздеріне толық кафелдер төселген. 1 қабатқа төселу жұмыстары басталған. 3 қабаттың баспалдақтарында да осындай жұмыстар жүруде. Сыртына әрлеу жұмыстары 90 пайыз аяқталған.

Барлық қабаттарды, атқарылып жатқан жұмыстарды көріп шықтым. Сапаға баса назар аударуды, мектеп оқу жылына дейін, оқушыларды қабылдауға сақадай сай дайын болуды мердігерге тапсырдым.

Балалар —  бұл біздің болашағымыз, біз оларды қалай тәрбиелеп өсірсек, түсіністікпен қабылдасақ, олардың келешек тағдыры соған байланысты болады. Баланың күміс күлкісінен асқан ешнәрсе жоқ дегендей, қамқорлық пен сүйіспеншілік, ерекше көңіл мен қауіпсіздік сезімі — әрбір балаға қажет.

Бақытжан Жақсылықов, Сарысу ауданының әкімі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru