Таңдаулы жаңалықтар:

БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ЕКПЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ - Zau.kz

Шымкентте денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлері балаларға Манту сынамасы, БЦЖ (туберкулезге қарсы) және 16 жастағы жасөспірімдер арасында АДС-М (дифтерия, сіреспеге қарсы) екпе жүргізу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Шымкент қалалық №6 емхананың дәрігерлері мектеп медбикелері және ата-аналармен жоспарлы екпе қабылдау бойынша кездесулер өткізді.
— Балалар және жасөспірімдер арасында жоспарлы екпені қабылдаудың маңыздылығы бойынша емханаға қарасты жеті мектептің мейіргерлерімен басқосу ұйымдастырдық. Сондай-ақ №136, 137 жалпы білім беретін мектептерде ата-аналармен кездесіп, балаларға салынатын екпенің қажеттілінін түсіндірдік. 100-ге жуық ата-ана қатысты. Балаларға егілетін екпеге қарсы болып келген ата-аналар түсіндіру жұмысынан кейін өз келісімдерін берді,- дейді емхананың бөлім меңгерушісі Лаззат Құрбанова.

Айта кетейік, түсіндіру жұмысы емханаға қарасты №87,56,52,51,77 мектептерде санитарлық талаптарға байланысты ZUM платформасы арқылы онлайн өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *