Таңдаулы жаңалықтар:
«EXPO Dubai – 2020» Халықаралық көрмесіндегі «Шымкент қаласының күндері» аясында Қазақстан павилонына келуші шетелдіктер арасында «Бақытты қалаға саяхат» билеті ойнатылды.
Билетті ұтып алу үшін туристерге Қазақстан бойынша түрлі сауалдар қойылды. Қатысушылар арасында сұрақтарға толық жауап берген польшалық Адриан Пиотровскийге қала әкімінің бірінші орынбасары сертификат табыстады. Демеушілер есебінен берілген билет арқылы жеңімпаз кез келген уақытта үш күнге Шымкентке тегін саяхат жасай алады.
Қазақстан ұлттық павилонына келушілерге Шымкенттің қонақжайлылығы мен потенциалы айтылып, имидждік роликтер көрсетілді. Ал олар өз кезегінде «World painting» сурет көрмесінде өз қолтаңбаларын қалдырды. Бұл үлкен картинада бүгінгі күнге дейін мыңға жуық келуші сурет салған. Ұйымдастырушылар картина аяқталған соң рекордтар кітабының ресми өкілдерін шақыруға ниеттеніп отыр.