Таңдаулы жаңалықтар:

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ел экономикасын саяси модернизация жасау арқылы күшейтіп, оған қоғамдық ұйымдарды және азаматтық секторды көбірек тарту қажеттілігі туралы айтқан болатын. Осыған орай Азаматтық қоғамды дамыту туралы арнайы тұжырымдама қабылданды.

Бүгін Шымкент қаласында Азаматтық қоғамды дамытудың Жол картасы жобасы шеңберінде Азаматтық Ресурс орталығы ашылды. Бұл орталық ҮЕҰ секторын дамыту, сектораралық өзара іс-қимылды бастау және қолдау үшін алаң болуды көздейді.

Аталмыш орталықтың мақсаты – азаматтық бастамалар мен әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Ал міндеттері – Шымкент қаласының бастамашыл азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдары үшін консультациялық-оқыту бағытын және сектораралық тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру, азаматтық қоғам ұйымдарының қызметі бойынша әдістемелік материалдар мен нормативтік құжаттарды дайындау, коммерциялық емес ұйымдарының әлеуетін арттыру болып табылады.

Азаматтық қоғам институттарында ерекше басымдылық саяси партияларға жүктеледі. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады.

Осы орайда еліміздегі жетекші саяси күшке айнала білген 22 жылдық тарихы бар «Nur Otan» партиясын ерекше атап өтуге болады. Қазақстанның қарқынды дамуы мен өркендеуін мақсат тұтып, еліміздің әрбір азаматының жарқын өмір сүруі үшін маңызды қадамдар жасады.

Сәйкесінше, «Nur Otan» партиясы экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және табысты мемлекет құруға бағытталған өз идеологиясын жүйелі жүзеге асырып келеді.

Тұрақтылық пен дамудың берік кепілі болатын ұзақ мерзімді саяси көшбасшылық қамтамасыз етілген елдер ғана үлкен табыстарға жететіні сөзсіз.
Мықты Азаматтық қоғам – мемлекеттің өркендеуінің кепілі!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *