«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі

 

«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың құрамдастарын техникалық зерттеп — қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.

Мемлекеттік корпорация қызметінің тәртібі де жүйелі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-дан 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі:

— мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі ҚР Үкіметінің 18.09.2013ж №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімімен айқындалады;

—  құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электронды кезек тәртібінде жүзеге асырылады;

—  мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіруді корпорация қызметкерлері жүзеге асырады;

— электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну Заңға сәйкес жүзеге асырылады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен және регламенттерімен реттеледі;

—  мемлекеттік қызметті электронды нысанда көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша рұқсаты негізінде оның электронды құжат нысанындағы сұрануы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады;

— қызметті көрсету, мемлекеттік қызметті алу туралы азаматтарды ақпараттандыру, сондай — ақ мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыруды қамтамасыз етеді;

—  өзіне – өзі қызмет көрсету секторының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, онда «электрондық үкіметтің» веб — порталы сервистерін пайдалану және электрондық цифрлық қол таңбалы пайдалану мәселелері бойынша консультация беру, сондай — ақ, азаматтарға «электрондық үкіметтің» веб -порталы арқылы көрсетілетін өзіне — өзі қызметті алу мүмкіндігі беріледі;
—  мүмкіндігі шектеулі жандармен (дене қимылы) икемді тілдесу үшін оқытулар жүргізеді;

— көрсетілетін қызмет алушының өтінішін Заңға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жүгінген кезде онда құжаттардың толық пакеті бар болған кезде қабылдайды;

—  операциялық залдан қабылданған құжаттарды (егер бар болса, құжаттар топтамасын) жинауды кестеде белгіленген уақытта жинақтау секторының қызметкері (маманы) жүзеге асырады;

—   жинақтау секторына келіп түскен өтініштер (егер бар болса, құжаттар топтамасын) бағыттары бойынша қалыптастырылады, қолхаттағы штрих — кодты сканерлеу жолымен МАЖ- де белгіленеді;

—  дайын құжаттарды беруді мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады;

—  өтініш беруші (өкілдің) жүгінбеуіне байланысты уақтылы берілмеген құжаттар бір ай ішінде мемлекеттік корпорацияда сақталады,  алынбаған құжат ретінде көрсетілетін қызметті беру қайтарылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жамбыл облыстық филиалы ХҚО бойынша Тараз қалалық № 2 бөлімінің басшы орынбасары А.С.Искаков

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru