2020 жылдың 27 тамызда сағат 19-00 бастап «Адал көмек» жобасы аясында белгілі адвокат және құқық қорғаушы Айман Умарова Жамбыл облысы тұрғындары үшін онлайн-кеңес өткізеді деп хабарлайды, Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің баспасөз қызметі.
Қызықтыратын сұрақтарыңызды: +7 776 577 92 67 WhatsApp нөміріне «Тараз қаласының тұрғындары үшін» деген ескертпемен жолдауларыңызды сұраймыз.
Консультациялар көпшілік алдында талқыланатын болады, ал кейбір мәселелер әлеуметтік желілерде жарияланып, теледидар бағдарламаларында қолданылуы мүмкін.