Айға алғаш АҚШ астронавтары аяқ басты 

Суретте: Адам баласының алғаш рет Айға аяқ басуы. 1969 жыл. 20 шілде.

Бұл тарихи суретті «Апаллон — 11» ғарыш кемесінің ішінен Нил Армстрогтың серігі Эдвин Олдрин түсірген.

Нил Армстронг сол кездегі жер бетіндегі 4 миллиард  адам ішінен батылдығы жетіп алғаш рет жерден 384 000 шақырым қашықтықтағы өзге планетаға қонған ержүрек адам болды.

Нил Армстронг айға алғаш аяқ басқан сəтте «Адамның өзге аспан денесіне кішкене ғана қадам жасауы, бүкіл адамзаттың дамуы» деген атақты сөзін айтты.

«Апаллон — 11» ғарыш кемесі айға төрт күнде жетті. Ол қонатын жерді таңдау да оңай болған жоқ.

Ақыр аяғында ғарыш кемесі радиусы 300 шақырымды құрайтын Айдың күннен ең қашық нүктесіне қонған.

Астронавтар кемеден бірден түскен жоқ. Олар қонғаннан кейін 20 минуттай күтіп отырған. Себеп; қауіп болуы мүмкін. Кейіннен Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин  Айды былайша сипаттады:

«Айнала қап — қараңғы, шашылып жатқан тастар, бір жан- жануардың, ұшқан құс пен өзге де тірі жанның дыбысы жоқ. Өлі тыныштықта жерге аяғыңыз 15- 20 сантиметр кіріп жүреді»

Мінеки, адамзатқа мыңдаған жыл құпия болып келген Ай ғаламшары туралы дерек кейіннен дүние жүзінің астрономиясы мен географиясына осылай жазылды.

АҚШ — тың Айға барған үш астронавты онда 2 сағаттан артық жүріп, бірнеше рет фотоға түсірді, видеоға да басып қайтадан ұшып кетті.

Олар үш күннен кейін Тынық мұхитына құлатылып, сол жерден автронавтарды АҚШ — тың авиакемелері күтіп алды.

Үш астронавт та келгеннен кейін бірнеше ай оқшаулау орынында жатты. Өйткені, өзге микроорганизмдер алып келуі мүмкін.

Армстронг тобы Айдан зерттеуге 21 келі құм мен майда тастар ала келді.

Міне, Адамзаттың Айды игеруі осылай жүзеге асқан еді. Олар алғаш болып Айға АҚШ — жалауын тікті. Бірақ, неге екені белгісіз, кейіннен бұл үш астронавт АҚШ — тың орталық барлау қызметінің қатаң бақылауында болды. Тіпті, оларға телеарна мен газеттерге сұхбат беруге дейін тыйым салынды. Мəселен: Нил Армстронг 30 жыл сұхбат бермеген.

Кейіннен, дүние жүзінде АҚШ — астронавтары айға барғанымен олар онда қонбаған, өздерімен бірге басқа да ұшатын аппаратты көргеннен кейін кері қайтқан деген кереғар əңгіме тарады.

Ал, Айда түсірілген кадрлар мен суреттер сол кезде əлемді алдау үшін режиссер Стенли Кубриктің идеясымен Голливудта түсірілген делінді.

Ол туралы нақты мысалдар да келтірілді. Мəселен: Айға тігілген АҚШ — жалауы видеода желбіреп тұр, бұл мүмкін емес. Себебі, Айда жел болмайды. Ал, Армстронгтың аяқ — киімінің ізі кəдімгідей анық көрінеді. Бұл да мүмкін емес. Себебі, Айда ылғал төмен болғандықтан із анық түспейді делінген.

Қалай дегенмен де, АҚШ астронавтары алғаш Айға қонған адамдар ретінде тарихта қалды.

Алайда, осында, бір ғана құпия бар.

Қазір бəрі дамыды. НАСА ғалымдары арнайы техника көмегімен Айда су бар екендігін, Үңгір де бар екендігін тауып жатыр. Бірақ, сол сапардан кейін Айға адам баласы ұшырылмайды…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *